• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда геологиялық барлау саласы бойынша тапшы мамандарды дайындау мәселесі қаралуда - Б.Нұрабаев

Қазақстанда геологиялық барлау саласы бойынша тапшы мамандарды дайындау мәселесі қаралуда - Б.Нұрабаев

13 Ақпан, 2014 18:27
Елбасының халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында 2014 жылы ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті геологиялық барлау саласы бойынша аясы тар мамандарды дайындау мәселесін шешпекші, деп ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ағынан жарылды.

«Шетелдік геологиялық барлау компанияларды тарту - не үшін керек? Бұл Жолдауда атап өтілген ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанда инженерлік сервистік компаниялар өте аз.  Әрине, елімізде бұл салада жемісті еңбек етіп жатқандар көп, алайда олар сан жағынан тым аз. Бізге үлкен бәсекелестік керек, оның үстіне жаңа технологияларда қажет, сондықтанда сырттан тартқанымыз жөн. Егер, шетелдік компания өзімен бірге жаңа технологиясын алып келсе, онда Қазақстан әлемдік нарыққа шығады», - деп  Б. Нұрабаев атап өтті.

Шетелдік геологиялық барлау компанияларының аздығы маман тапшылығымен байланысты. Комитет төрағасының айтуынша, осы жылы Қазақстанда дәл осы проблеаманы шешу үшін көбірек көңіл бөлінуде.

«Ертеректе пайдалы қазбалар геологы, мұнай және газ геологы, геофизиктар, петрофизиктер, сейсмологтар, палеонтологтар болса, бүгінде аты аталған 30-ға жуық мамандықтар жоғалып кетті.  Жасыратыны жоқ, мамандарды дайындау - өте маңызды сұрақ, сондықтанда біз квоталар мен гранттарды көбейту, жоғалып кеткен мамандықтарды қайта қайтару бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұдан басқа, бізде Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады, онда ғылыми бағыттар мен мамандар дайындау қарастырылған.   Ол үшін бізге 5 га жер  телімі бөлініп, осы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Аймақта ғылыми-зерттеу, лабораториялық, оқу корпустары мен әкімшілік блок орналасады», - деп Б. Нұрабаев хабарлады.

Б. Нұрабаев атап өткендей, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында жоғары технологиялық лаборатория  жасақталады.

«Бүгінде мемлекетімізде мойындалған лабораторияларымыз жоқ, тек жеке меншік компаниялар мен кәсіпордардың жанынан ашылғандар бар. Олар кейбір зерттеу жұмыстарын жүргізбейді.  Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің сынамаларын шет елге шығарады.  Сондықтанда, біз Орталық құру аясында  керн  сақтау қоймасын құрмақшымыз, сонда қазақстандық және шетелдік ғалымдар көбірек ғылымға  көңіл бөлетін еді», - деді сөз соңында комитет төрағасы.

Барлық жаңалықтар