• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдаудың міндеті азаматтардың мүддесін қорғау -Б.Жылқышиев (Қазатомпром)

Жолдаудың міндеті азаматтардың мүддесін қорғау -Б.Жылқышиев (Қазатомпром)

13 Ақпан, 2014 18:15
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының міндеті азаматтардың мүддесін қорғау, дейді «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Болат Жылқышиев.

«Жолдауда айтылған міндеттемелер, бірінші кезекте қарапайым халықтың мүддесін қорғауға бағытталады. Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағдарламалар мен маңызды жобалар тек елдің ішкі ахуалын реттеп қана қоймай, Қазақстанның әлемнің дамушы елдерімен қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - дейді Б.Жылқышиев.

Оның айтуынша, Жолдауда өмірдің барлық салалары қарастырылып, ешбір сала айтылмай қалған емес.

«Мемлекет басшысы саясаттан бұрын экономикаға басымдылық беретін тіс қаққан көшбасшы ретінде еліміздің жалпы ішкі өнімін жыл сайын кемінде 4% өсіру, экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру, 2050 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін арттыру, еңбек өнімділігін 5 есеге дейін көбейту, 2050 жылға дейінгі әлеуметтік саланың басты бағыттарын анықтау тапсырмаларын беріп отыр», - дейді кеңесші.

Оның айтуынша, еліміздің дамуының басты көрсеткіші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады.

Барлық жаңалықтар