Нан бағасы көтерілмейді - А. Мамытбеков

13 Ақпан, 2014 16:50
Қазақстанда нан бағасы көтерілмейді. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

«Нан бағасы бойынша, Үкімет пен мемлкеттік компанияларды қазіргі бағаны сақтап тұруға барлық мүмкіндігі бар екенін толық сенім мен мәлімдеуге болады. Яғни бірінші сұрыпты нан бағасы көтерілмейді», - деді ол.

Оның айтуынша, нан бағасын көтеру үшін ешқандай себеп жоқ.

«Азық-түлік корпорациясында» 1,5 млн. тонна астық бар, сондықтан да қажет болған жағдайда Үкімет бағаны ұстап тұру үшін осы астықты да бөле алады», - деді министр.

Барлық жаңалықтар