- Басты
- Жаңалықтар
- Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың бірінші маусымына дейін мұнай бағасын ұстап тұрады – Ұ.Қарабалин
Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың бірінші маусымына дейін мұнай бағасын ұстап тұрады – Ұ.Қарабалин
«2013 жылы республикадағы мұнай өңдеу көлемі 14,3 млн тоннаға жетті. Қазақстандағы жанармай тепе-теңдігі бойынша 2,7 млн тонна өндірілді. Ішкі тұтыну көлемі шамамен 4 млн тоннаны құраса, 3 млн тоннадайы импортталған. Жыл басына дейін мұнай базаларындағы қалдық шамамен 370 мың тонна болды. Дизель отыны бойынша 4,2 млн тонна өндірілсе, 700 мың тоннасы импортталды», - деді министр.
Оның айтуынша, осындай жағдай келер жылға да жоспарланған.
«Мұнай бағасына келер болсақ, бірінші маусымда біз бағаны ұстап тұратын боламыз. Біздің зауыттарымыз толыққұқылы жұмыс істеп, нарыққа толыққанды ене алады. Аталмыш өнімдердің Қазақстаннан шетке тасымалының кез келген түріне тыйым салынған. Сол себепті барлық өнім тек қана өзімізде пайдаланылатын болады», - дейді ведомство басшысы.
«Автожанармай өнімі 2 млн 885-ді құрайды, ал тұтыну деңгейі 4 млн 168, яғни өнім көлемі тұтыну сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Біз жыл сайын дәстүрлі түрде шамамен 1 млн импорттаймыз, биыл бұл көрсеткішті 1 млн 69 мың етпекшіміз», - деп нақтылады.
Министрдің айтуынша, бұл жағдай дизель отынына да қатысты.
«4 млн 946 тұтыну көрсеткішінде республикадағы өндіріс 4 млн 194 болады. Сол себепті юіз 600-650 мың тоннаны шеттен сатып аламыз. Негізінен экспорттаушы ел Ресей болып табылады», - дейді Қарабалин.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы