• Басты
  • Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда білімді және талапты жастардың орны маңызды – Б. Мамраев

Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда білімді және талапты жастардың орны маңызды – Б. Мамраев

13 Ақпан, 2014 15:43
Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда білімді және талапты жастардың орны маңызды. Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бейбіт Мамраев мәлімдеді.

«Еліміздің Тәуелсіздігі - біздің басты құндылығымыз. Президент өзінің  Жолдауын Тәуелсіздік сарайында жариялауы да ерекше. Өсіп-өркендеп келе жатқан еліміз үшін 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу - ең басты міндет. Дамыған мемлекет үнемі өзгеріп отыратын категория екендігі белгілі. Сондықтан, Елбасы «Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда» деп атап өтті», - деді Б. Мамраев.

Оның ойынша, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін  қайта қарастыру керектігі айтылды. Елбасы осы Жолдауында олардың айлықтарын көтерудің жаңа моделін жасауды ұсынды. Үкіметке тапсырма беріп, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын 28 пайызға, білім саласында 29 пайызға, еңбекті қорғау, әлеуметтік салада 40 пайызға көтеру сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының потенциалын біріктіріп, олардың лабораториялық базасын ғылыми-зерттеулерге және маман даярлауға ортақ пайдалану үрдісін енгізуіміз қажет. Сондықтан, жаңаша ойлау сапасы және бизнеспен қарым-қатынас - уақыт күттірмейтін міндет, деді ол.

Сондай-ақ, ол Х. Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университеті  Елбасы Жолдауындағы  тапсырмалар талабына сай келетін бірден-бір мекеме  берді.

«Елбасы олардың мақсат-мүдделерін, ойлап, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қамқорлық білдіріп, жұмысқа қабылдауды тапсырса, ал біз, білім беру мекемелері, инклюзивті  білім мен тәрбие беруді жандандыруымыз керек», - деді Б. Мамраев. 

Барлық жаңалықтар