- Басты
- Жаңалықтар
- О.Сүлейменов: Барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуаныштымын
О.Сүлейменов: Барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуаныштымын
«Құрметті отандастар, біздің ортақ мекеніміз – көпұлтты Қазақстанда барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуаныштымын. Сіздер, Шығыс Қазақстан өңірі халқы біздің өндірісіміздің барлық саласында өздеріңіздің белсенділіктеріңізді танытудасыздар. Кешеден бері мен далада адамдарға қарап жүрмін. Түрлеріңізден бақыт пен шаттықты көремін», - дейді ақын.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО-да «Мәңгілік Ел» мега-акциясы басталды. Осы шараға қатысу үшін Өскеменге арнайы Қазақстанның алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, атақты театр актері, режиссер, «Достастық жұлдызы» ТМД сыйлығы иегері Асанәлі Әшімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Сенат депутаттары Талғатбек Абайділдин, Сергей Плотников, Мәжіліс депутаттары Светлана Ферхо, Зухра Саяповалар қатысты.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, акцияның басты шараларының бірі Шығыс Қазақстан өңірінде бастамасы құрылған Ұсыныстар кітапшасының таныстырылымы болды. Кітаптың ерекшелігі сонда, ондағы әр екі бетке әр облыстан жастардың ұлттық идеяны қолдауына байланысты ұсыныстар мен пікірлер жазылады.
Кітапқа ең алғаш пікір қалдырған Олжас Сүлейменов пен Асанәлі Әшімов болды. Енді бұл кітап республиканы аралап, барлық облыстан ұсыныс-тілектер жинауы керек.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы