• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясында ІӨБ мамандарына қақтығыстарды шешу бойынша семинар өтті

Мемлекеттік басқару академиясында ІӨБ мамандарына қақтығыстарды шешу бойынша семинар өтті

13 Ақпан, 2014 14:57
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкі саясат департаменті мамандарына арнап «Әлеуметтік-саяси қақтығыстарды шешу механизмін әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды Қазақстандағы Freedom House үкіметі мен «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Адам құқығы үшін Хартия» ҚҰ ұйымдастырды. 

«Үш күнге созылған семинарда тыңдаушылар тренерлермен өмір сүру сапасын арттыру, денсаулық құқығы мен еңбек салалары бойынша халықаралық стандарттар, мемлекеттік этносаясатты қамтамасыз ету үшін принциптер мен әдістемелер, Қазақсатандағы діни заманауи жағдай, қықтығысты оқиғаларды алдын-ала ескерту және шешу мәселелерін талқылады», - деп Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлады. 

Барлық сабақтар пікір талас, тәжірибелік оқиғаларды әзірлеу және қатысушылардың белсенді араласуымен ойындар түрінде  өткізілді.

Сабақтарға белгілі арнайы-тәжірибелі мамандар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласын  зерттеу бойынша Орталықтардың ғылыми қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қосымша мемлекеттік қызметкерлердің білім институтының мамандары тартылды. 

 

 

Барлық жаңалықтар