- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Нығматулин Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Нұрлан Нығматулин Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті
«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін, сондай-ақ, халықаралық және аймақтық саясаттағы өзекті тақырыптар төңірегіндегі ұстанымның ұқсастығын алға тартты», - деп ҚР Парламент Мәжілісінде хабарлады.
Нұрлан Нығматулин Литва Республикасына 2014-2015 жыл аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде жұмысқа кірісуіне байланысты өз құттықтауын жеткізді.
Қауіпсіздік туралы сөз еткенде Мәжіліс Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық қауіп-қатерлерге төтеп беруге бағытталған халықаралық бастамаларына баса назар аударды.
« Қазақстан Еуроодақтың қауіпсіздік мәселесі бойынша Еуроодақ - Орталық Азия жоғары деңгейлі Сұхбат құру бастамасын қолдады және оның дамуына тиісті деңгейде ықпал етуге дайын. Мұндай тетіктер бүкіл әлемде, соның ішінде біздің аймақтарымызда тыныштықты сақтауға өзіндік үлес қосатыны сөзсіз»,-деді Нұрлан Нығматулин.
Спикердің атап өткеніндей, сондай-ақ, Еуропа Кеңесімен әріптестік қатынасты дамыту, еуропалық құқықтық кеңеске қосылу біздің еліміз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.
Ал, әлеуметтік-экономикалық даму туралы сөз еткенде, Нұрлан Нығматулин Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын жүзеге асыру қазақстандықтар үшін де, сонымен бірге, шетелдік компаниялар үшін де оңтайлы жағдай жасайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Рокас Бернотас Қазақстанның Литва үшін аймақтағы өте маңызды әріптес екенін атап өтті.
Кездесу иелерінің пікірінше, қос мемлекет әріптестігінің маңызды бөлігі болып табылатын екі елдің парламентарлық ынтымақтастық мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту жолдарын талқылады, бұл ретте әртүрлі бағыттар бойынша тәжірибе алмасу маңызды болмақ.
Әсіресе, ынтымақтастық жөніндегі топтар мен комитеттер байланысын нығайту қажет.
Мәжілісте Литва Республикасының Сеймімен ынтымақтастық жөнінде топ жұмыс істейді. Құрамында 11 депутат бар.
Ал ағымдағы жылы Сейма Спикерінің Мәжіліске ресми сапары жоспарланып отыр.
Тараптар бұл екі ел парламенттері, сондай-ақ, жалпы Қазақстан мен Литва арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы