ҚР-да ұн мен азықтың бағасы өзгермейді – Д. Шәймерденова

13 Ақпан, 2014 13:05
Қазақстанда ұн мен азықтың бағасы өзгермейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «Қазмырыш» директоры Дариғаш Шәмерденова мәлімдеді.

«Азықты өндіру кезде отандық тауар өндірушілер ешқандай қиындық көріп отырған жоқ. Олардың бағасы өзгермейді», - деді Д. Шәймерденова.

Сондай-ақ, ол елде  қайта өңдеудің 1300 кәсіпорны жұмыс істеп жатқандығын айтты.

«Олардың ішінде азық өңдеуде 501 кәсіпорнында 26 мың адам жұмыс істеуде. Ұн саласында – 16 мың адам. Алайда, соңғы кезде теңге бағамының өзгеруіне байланысты көрші елдер ел нарығындағы азық түліктердің ағыны болып жатыр. Бұл ұн мен тез дайындалатын азыққа байланысты», - деді Д. Шәймерденова.

Ресейлік өндірістің  96 пайызы ел нарығында.

Оның айтуынша, көршілес елдер сондай бағамға ие болғандықтан, біздің елде нарығында олардың азық-түлігін қолдануға мәжбүр.

«Осыған орай біздің азық-түлік бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқан болатын. Қолданылған шаралар отандық тауар өндірушілерге нарықтан өз орнын табуға мүмкіндік береді», - деді Д. Шәймерденова. 

Барлық жаңалықтар