• Басты
  • Жаңалықтар
  • Француздық инвесторлар қазақстандық мамандарды Еуропада оқытады – Ә.Исекешев

Француздық инвесторлар қазақстандық мамандарды Еуропада оқытады – Ә.Исекешев

13 Ақпан, 2014 12:45
«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында бүгінде француздық әріптестеріміз қазақстандық мамандарды Еуропа елдерінде оқытуда. Бұл туралы Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің кезекті отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Бүгінде француздық әріптестеріміз қазақстандық мамандарды Еуропа елдерінде оқытуға  аса мән беруде. Атап айтар болсақ, олар мамандарымызды Франция, Германия мен өзге елдерде дайындауда. Қазақстандықтар онда жоғары кәсібилікке қол жеткізіп, цемент зауытында соның ішінде 200 маман біліктіліктерін шығдауда», - дейді министр.

Оның айтуынша, француз тарапынан Еуропада қазақстандықтарды оқыту мен тәжірибедегн өткізу базасын құру мен француздық инженерлер мен оқытушыларды шақыра отырып бірлескен оқу орнын құру туралы ұсыныс келіп түскен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан-2050» Стратегиясы ғылыми экономиканы дамытуға басымдылық береді.

«Сол себепті барлық Франциямен бірлескен жобалар Президенттің барлық тапсырмаларының үлесінен шығып, басты стратегиялық құжатты іске асыруға бағытталған», - дейді Ә.Исекешев.

Барлық жаңалықтар