Қазақстанда 150-ге жуық француздық компания жұмыс істейді – Ә. Исекешев

13 Ақпан, 2014 12:12
Бүгінгі таңда ҚР-да 150 француздық компания индустрия және мұнай-газ саласында қызмет етеді. Бұл туралы қазақстандық-француздық іскерлік кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Инвестиция туралы айтатын болсақ, Франция барлық елдер арасында 4-ші орынға ие. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін тікелей инвестиция құны 10 млрд долларды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш, мен біздің елде 150 француздық компания жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Егерде біздің «Газ де Франс», «Тоталь» компаниялары мұнай-газ саласында жұмыс істесе, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда индустриялдық компаниялар қызмет істей бастады», - деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, индустриялдық сектордағы серпін Қазақстанның жаңа индустрияландыру бағдарламасына байланысты жүзеге асты.

Айта кетерлігі, 2013 жылы Франция ҚР-ның жетекші 5 сауда жетекшілерінің қатарына кірді, сауда айналымы 6 млрд теңгеге жетті. 

Барлық жаңалықтар