- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «ТДЖҰА» көмегімен машина жасаудың 28 жаңа өнім атауы ретке келтірілген
Қазақстанда «ТДЖҰА» көмегімен машина жасаудың 28 жаңа өнім атауы ретке келтірілген
«Машина құрастыратын кәсіпорындар салалық конструкторлық бюро көмегімен 28 жаңа өнім атауының өндірісі ретке келтірілген, оның ішінде, топырақ өңдейтін агрегат, вагондарға арналған есіктер, крандар, тез ажырайтын қосылыстар және тағы басқа атаулар»,- делінген «ТДЖҰА» АҚ хабарламасында.
2012 жылы осы кәсіпорындарда, сонымен қатар, машина құрастыру кәсіпорындарына арналған жаңа бұйымдарға конструкторлық-технологиялық және нормативтік-техникалық құжаттаманың 225 комплекті жасалған.
Сонымен қатар, СКБ-да 3D-сканерлеу бойынша құзіретті өркендету, қазіргі түптұлғалау кешені арқылы 3D-принтинг қолдану арқылы модельдеу және жобалау өркендетілгені атап өтілді.
«Бүгінгі таңда құрылған СКБ еліміздегі 3D-технологияларды пайдаланатын және отандық машина құрастыру кәсіпорындарына сапалы қызмет көрсететін ең мықты инженер-конструкторлар ұжымдарының біріне ие», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, СКБ төрт бағытта жұмыс жасайды: көліктік, ауыл шаруашылық машинасын құрастыру, тау-кен және мұнай-газ жабдықтары.
Сонымен қатар, агенттік қаржылық және атқару тәртібін күшейту, үдерістерді оңтайландыру, еншілес ұйымдар үшін бірыңғай қызмет үлгісін жасау, жобаларды сараптау және мониторингілеу бойынша жұмыстарын жалғастырады, бұл жағдайды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.
Осылайша, 2012 жылдың қортындысы бойынша компанияның таза табысы шамамен 200 млн теңгені құрайды (инвестицияның ағымдағы құнын бағалауды есептемегенде).
Естеріңізге сала кетейік, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғам («ТДЖҰА» АҚ) - бұл технологиялық даму саласындағы ұлттық институт. Агенттік мемлекеттің жарғы капиталына жүз пайыз қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның құқықтық мұрагері болып табылады. Агенттік инновациялық дамудың үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге көмектесу үшін және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған.
Жалпы алғанда агенттіктің пайда болуынан бастап 2010-2012 жылдары 400-ден астам инновациялық жобаға қолдау көрсетілген, оның ішінде 138 инновациялық грант берілген, технологиялық бизнес-инкубациялау және т.б. бағдарлама аясында 96 старт-ап жобаға қолдау көрсетілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады