• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Франциямен бірігіп 11 жаңа технологиялық жобаны жүзеге асырады – Ә. Исекешев

Қазақстан Франциямен бірігіп 11 жаңа технологиялық жобаны жүзеге асырады – Ә. Исекешев

13 Ақпан, 2014 12:01
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция бірігіп 11 жаңа технологиялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның құны - 1,5 млрд доллар. Бұл туралы қазақстандық-француздық іскерлік кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Жыл сайын біз жұмысаралық немесе құқықтық комиссияаралық кеңес өткізгенде медицина, туризм мен өзге де салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын шағын және орта компаниялар қатысушыларын көреміз. Қазір де біз Франциямен бірлесіп 1,5 млрд долларлық 11 жобаны іске асыруға кірісудеміз, аталмыш жобалар барынша технологиялық бағытта», - дейді Ә.Исекешев.

 Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Францияның бірлескен бірқатар жобаларын іске қосу жоспарлануда.

 «Бүгінде бірқатар жоба жүзеге асырылу үстінде. Ең технологиялық және барынша ірі жобалардың бірі – ғарыш саласындағы әріптестік. Атап айтар болсақ ол ғарыш құрылғыларын жинау мен қашықтықтан басқарудың ғарыштық жүйесін құру. Оны біздің тараптан Ұлттық ғарыш агенттігі мен EDS француз компаниялары іске асырмақ», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Барлық жаңалықтар