• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД елдеріндегі Туризм жылы аясында Қазақстанда бірқатар шаралар жоспарланған – М.Иғалиев

ТМД елдеріндегі Туризм жылы аясында Қазақстанда бірқатар шаралар жоспарланған – М.Иғалиев

13 Ақпан, 2014 11:53
ТМД елдеріндегі Туризм жылы аясында Қазақстанда ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша бірқатар шаралар атқарылмақ. Бұл туралы ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Астана-Мәскеу-Кишинев-Ереван туристік ведомство өкілдерінің бейнекөпір барысында.

«Бейнекөпір барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Молдова өкілдері туристік қызметтің бірыңғай стандартын құру мен туризм есебі біріккен стратегиялық жүйесін енгізуді қарастыратын ТМД елдерінде туризмді дамыту стратегиясын дайындау қажеттілігін айтысты», - делінген Туризм индустриясы комитетінің хабарламасында.  

М.Иғалиевтің айтуынша, ТМД елдерінің туризм жылы аясында елімізде бірқатар шаралар жоспарланған. Атап айтар болсақ олар өңірлік туристік көрме, ТМД баспасөзі мен туристік операторлар үшін Қазақстан өңірлерінде ақпараттық тур, Наурызым қорығында халықаралық тырна фестивалі, Тобыл өзенімен ағызу ұйымдастыру, Қорғалжын қорығында «Фламинго» экологиялық туризм фестивалі, ұлттық асхана халықаралық фестивалі мен өзге де шаралар.

Сонымен қатар, «KITF-2014» халықаралық қазақстандық туристік көрме өткізу көзделуде.

Хабарламада айтылғандай, «Достастықтың мәдени астанасы» бағдарламасы аясында 2014 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып Алматы танылды.

Барлық жаңалықтар