• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін электрондық билет жүйесі енгізіледі - Е.Төлегенов

Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін электрондық билет жүйесі енгізіледі - Е.Төлегенов

13 Ақпан, 2014 11:37
Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін электрондық билет жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Төлегенов мәлім етті.

«2013 жылдың соңынан бастап біз «ҚТЖ» ҰК АҚ басшылығымен поездарға электронды билетпен рәсімдеу және отырғызу бойынша технология енгізу мақсатында үлкен жобаны бастадық. Тіпті, біз бұл жұмысты бастап кеттік. Электронды билетте жолаушының аты-жөні, отыратын орны нақты көрсетіледі», - деді Е.Төлегенов.

Сонымен, оның айтуынша, электрондық билеттерді сату еліміздің барлық поездарына жыл соңына дейін енгізіліп бітеді.

Жалпы, 2013 жылы 20 млн. 450 мың жолаушы діттеген жеріне жеткізілді, бұл  2012 жылмен салыстырғанда 953 мың жолаушыға немесе 4,9%-ға жоғары.

Ал, жолаушы айналымы 16 млрд. 962 млн. жолаушы-километрді құрап, 2012 жылдан  255 млн. жолаушы-километрге немесе 1,5%-ға артты.

Барлық жаңалықтар