• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теңге бағамының түзетілуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарифті қайта қарамайды - Е.Төлегенов

Теңге бағамының түзетілуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарифті қайта қарамайды - Е.Төлегенов

13 Ақпан, 2014 10:30
Теңге бағамының түзетілуіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол тасымалы бойынша тарифті қайта қарамайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Төлегенов мәлім етті.

««Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап беретін және әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін компаниялардың бірі. Бүгінде біз теңге бағамының түзетілуіне байланысты теміржол тасымалы бойынша тарифті қайта қарастыруды жоспарлап отырған жоқпыз», - деді Е.Төлегенов.

Жалпы, 2013 жылы компания 20 млн. 450 мың жолаушыны тасымалдады. 

«Отандық көліктерге сұраныс жоғары... Ағымдағы жылы 1 млн. 675 мың жолаушыны діттеген жеріне жеткіздік, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 600 жолаушыға көп», - деді ол.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ төрағасы атап өткендей,  субсидияланбаған жолаушылар тасымалы тарифін қайта реттеу жүргізіледі. Нәтижесінде, жедел поезддарға, коммерциялық тасымалдауға оның маусымы мен сатылған көлеміне байланысты тариф төмендетілетін болады.

Сонымен қатар, Е. Төлегенов, отандық теміржол тарифі Ресей Федерациясымен салыстырғанда  3,5 есе,  Украинамен салыстырғанда 1,7 есе төмен екенін хабарлады.

Барлық жаңалықтар