- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да геологиялық ақпаратты алу мерзімі 7 күнге дейін азайды – Б.Нұрабаев
ҚР-да геологиялық ақпаратты алу мерзімі 7 күнге дейін азайды – Б.Нұрабаев
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанның геологиялық саласын баса назар аударды», - дейді Б.Нұрабаев.
Оның айтуынша, бүгінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан реформалардың бірыңғай пакеті – 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламалардың тұжырымдамасы дайындалды.
«Бүгінде мемлекеттің минералды-шикізаттық ресурсын толықтыру керек. Ол үшін өңірлік деңгейде барлаудың 1 және 2 кезеңін зерттеу керек», - дейді комитет төрағасы.
Осы бағыттағы жұмыс үшін ҚР-да Үкіметтің геологиялық ақпаратты алу мерзімін қысқарту туралы Қаулысына қол қойылды.
«Егер бұрындары геологиялық ақпарат 240 күн ішінде қаралатын болса, қазір біз бұл мерзімді бірнеше есеге дейін төмендетіп отырмыз. Бұл инвесторлар үшін өте маңызды дүние. Бірінші кезекте өткен жылғы геологиялық ақпараттарды зерттеу керек. Біз ақпарат алу мерзімін 7 күнге дейін қысқарттық. Сонымен қатар, барлау келісімшарттарын алу кезіндегі геологиялық ақпараттың құнын анықтау жүйесі дайындалды. Өйткені барлау дегеніміз – тәуекелді қажет етеді, инвестор шығындалып қалуы да мүмкін. Барлау келісімшартын өндіру шартымен салыстыруға болмайды. Сол үшін біз бүгінде біз геологиялық ақпараттың құнын бір күнде анықтай аламыз. Бұрын бұл үшін 2-3 ай қажет болатын еді», - дейді Б.Нұрабаев.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді