- Басты
- Жаңалықтар
- Бірыңғай электронды контентті сақтау орнында 7,5 мыңнан астам білім ресурстары бар - БҒМ
Бірыңғай электронды контентті сақтау орнында 7,5 мыңнан астам білім ресурстары бар - БҒМ
«Бірыңғай электронды контентті сақтау орны жасалды. Қазіргі кезде онда орта, техникалық және кәсіптік білім пәндері бойынш 7511 цифрлық білім беру ресурсы бар. Бұл жаңа ресурстарды құру және мұғалімдердің оқу материалдарын орналастыру арқылы одан әрі кеңейетін болады», - деді Б.Жұмағұлов.
Сонымен қатар, ол білім беру ұйымдары мен оқу процесін басқарудың екі негізгі жүйесі енгізілгенін, оның мектеп пен колледж әкімшіліктерінің, педагогтардың жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретінін, ата-аналармен тұрақты байланыс орнатуға, т.б. жағдай жасайтынын айтты.
Оған қоса, БҒМ мәліметінше, білім беру ұйымдарының сайттарына арналған платформа құрылды, бұл жергілікті бюджет қаражатын үнемдейді.
Жоба шеңберінде Финляндия, Польша, Швеция, Ресей және басқа да елдердегі үздік электронды контент әзірлеушілерінің Халықаралық Консорциумы құрылды.
Сонымен бірге, Ұлттық білім берудің деректер базасы құрылды, ол биылғы жылдың өзінде статистиканы және білім беру ұйымдарының әкімшілік есептерін электронды форматта жасауға мүмкіндік береді және барлық бақылаушы және статистикалық органдарға қажетті деректерді беруге жағдай жасайды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар