Ауыл шаруашылығына инновацияны енгізу керек - Е.ЮН «Феликс» ШҚ басшысы

13 Ақпан, 2014 09:55
Жаңа заманауи техниканы ауыл шаруашылығында қолданбайтын болса, ол туралап қалады, деп «Феликс» ШҚ басшысы Енисей Юн өз ойын ашық айтты.

«Біздің Мемлекет басшымыз әрқашан агроөндірістік кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлген, бүгінде нәтижеде жоқ емес. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып, қожалықтарда күн санап көбейіп келеді. 

Мысалы, Президент агроөндіріс кешенін инновацияның рельсіне ауыстыру қажеттілігін атап өтті. Бұл өте дұрыс. Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларсыз туралап қалады.  Біздің өнім бәсекеге қабілетті болмайды», - деп Е. Юн есептейді.

Айта кетерлік жайт, «Феликс» қожалығында 2013 жылы тамшылатып суару  құралы  150 га жерге орнатылды. 2014 жылы бұл көлемді 220 га дейін жеткізу көзделуде.

«Сонымен қатар, өткен жылы біз «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы заманауи еуропалық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алдық, ол өзінің ескі нұсқасынан әлде қайда жетілген.  Нәтижесінде, біз жақсы өнім мен мол табысқа кенелдік.  Бұдан басқа, өсімдік өсірушілерге мемлекет жақсы қолдау көрсетеді, біздің барлық шығынымызды көптеген субсидиялармен жабуда. Мемлекеттің ұсытанып отырған осынау саясатының арқасында бізге алқаптарда жоғары технологияларды пайдалану тиімді болды», - деп шаруа қожалығының басшысы баса айтты.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы қожалық картоп егін алқабының көлемін арттырмақ.

«Сондай-ақ, көкеністер мен көксөкті өңдейтін 2 цех салмақшымыз. Бұл жобада өңдеп, тазалап, сұрыптайтын ағылшындық тиехниканы жеткізумен айналысатын ресейлік кәсіпорындар инвестор болып отыр.  Облыс әкімінің қолдауымен бізге көкеніс сақтау қоймасының құрылысына жер телімі берілді», - деп Е. Юн ағынан жарылды.

Шаруа қождалығы басшысының пайымынша, «еліміздің өсіп өркендеуінің негізінде әр азаматтың ерен еңбегі жатыр, сондықтанда әр қазақстандық өзінің жұмыс орнында Президент Н.Назарбаевтың алға қойған үлкен міндеттерін жүзеге асыруға атсалысуы керек».

Барлық жаңалықтар