- Басты
- «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын талқылады
«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен кездесті. Сондай-ақ, аталған шараға гарнизонның әскери полиция бөлімінің бастығы, облыстық әскери-техникалық мектептің басшылары және Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы қатысты.
Командирлер әскери қызметшілердің жас буынына жаңадан құрылған әскери-техникалық мектептер мен әскери-патриоттық тәрбие орталықтары арқылы патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады.
«Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы халыққа Жолдауында Жаңа Қазақстандық Патриотизмның идеялық негізін нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Жалпы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік, деп Президент атап өткендей, біздің алдымызда Отанына шын берілген болашақ офицерлерді тәрбиелеу тапсырмасы тұр», – деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары.
Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің басшылық құрамымен кездесу барысында Қарулы Күштердегі әскери тәртіпті нығайту мәселелері де қаралды.
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды
-
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
«Ақжол» партиясының басшылығы Президент Жолдауында көрсетілген шаралар туралы айтты
-
Нұртөре ЖҮСІП: Президент Жолдауында жақсы жаңалық көп
-
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті
-
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
-
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде
-
Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады

