Меморгандарда құжат айналымы біршама қысқартылады – Ә.Бәйменов

12 Ақпан, 2014 17:45
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа мәжілісінде агенттіктің төрағасы мемлекеттік органдарда құжат айналымы, жоғарыдағы мемлекеттік органдарға есеп беру тізімін қайта қарау айтарлықтай қысқартылатынын мәлімдеді.

Агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі мәселелеріне назар аударды.

«Алдағы уақыттағы даму мынадай басты бағыттарды қамтиды: меритократия ұстанымдарын қабылдау, «В» корпусына байқаулық іріктеудің жариялылығын арттыру, байқау комиссиясы отырысына бақылаушылар мен сарапшыларды қатыстыру, этикалық және тәртіптік бақылауды күшейту, қызметкерлерді басқару қызметін кәсібилендіру, сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру», - деді Ә. Бәйменов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарда құжат айналымы, жоғарыдағы мемлекеттік органдарға есеп беру тізімін қайта қарау айтарлықтай қысқартылмақ. Ақпарат пен есепті құру ұстанымы басты кезекте актуалдығы, тәжірибелігі, мақсаттылығы мен қабылданған шешім болуы керек.

Айта кету керек, шараның соңында қызметкерлерді басқару тұжырымдамасы жобасы таныстырылған семинар ұйымдастырылды, сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі жеке бас қатынасы өнері мен мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру бойынша тренингтер өткізілді.

Барлық жаңалықтар