• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2020 жылға дейін Қазақстанда 8 сапаржай, 45 көлік стансасын салу жоспарланған - О.Сүтемгенов

2020 жылға дейін Қазақстанда 8 сапаржай, 45 көлік стансасын салу жоспарланған - О.Сүтемгенов

12 Ақпан, 2014 17:05
Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанда 8 сапаржайдың құрылысы жоспарланған, деп ҚР ККМ автомобиль көлігі департаменті директорының орынбасары Олжас Сүтемгенов «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ағынан жарылды.

«Барлығымызға белгілі, Елбасы дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойды. Көлік министрлігі осы сала бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Мысалы, 2014 жылдың 13 қаңтарында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада автомобиль саласына жеткілікті көңіл бөлінген, себебі, оның әлеуметтік маңызы зор», - деді О. Сүтемгенов.

Сонымен, ҚР жолаушыларының 99% барлық көлік құралдарының ішінен автомобиль көлігіне көбірек сенім артады.

«Жүк тасымалы туралы айтатын болсақ, оның 84% автомобиль тасымалы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде бізде жолаушылар тасымалының жетік дамыған желісі бар, олардың 76% тұрақты, облысаралық, облысішілік, қалалық, қала сырты маршруттармен қамтылған. Сондай-ақ, бұл салада таксомоторлы тасымалдаудың даму үрдісі байқалады», - деп О. Сүтемгенов атап өтті. 

Халықаралық жүк тасымалы туралы айтатын болсақ, аталмыш салада заңнамалық негіздеме ұлттық және халықаралық деңгейде қалыптастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан бірқатар мемлекеттермен келісімге отырды. 

«Осы бағдарлама аясында біз құрылыс жұмыстарын жүргізуді көздеп отырмыз. Дәлірек айтатын болсақ, құрылыс жұмыстары жолаушылар тасымалы инфрақұрылымын дамыту саласында жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға дейін 8 сапаржай,  45 көлік стансасы, 150  тоқтайтын орын салу жоспарланған. Көлік стансалары бар жерлерде тоқтайтын орындар салынады», - деп О. Сүтемгенов хабарлады.

Оның айтуынша, осы насандарды салу үшін 17 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Барлық жаңалықтар