- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада нұротандықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Қызылордада нұротандықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесінің төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жолдауда еліміз өмірінің ең маңызды деген барлық салалары қарастырылғанын айтты.
Облыстық әкімдікте хабарланғандай, қара, түсті және сирек металға бай Сыр өңірі үшін ең басты мәселелердің бірі металлургиялық кластердің дамуы. Осыған орай өңірде «Шалқия» кен орнын дайындау мен ферроқорытпа зауыты құрылысы жоспарлануда.
Металлургиялық саламен қатар өнеркәсіптің басты қозғаушы күші өңір үшін ауыл шуарышылығы болуы керек. Өйткені Қызылорда облысы аграрлық өңір болып табылады. «Агробизнес-2020» мен «Сыбаға » бағдарламалары ауыл шаруашылығының қанат жаюына жағдай жасайды. Ол үшін жоғарғы технологиялы өңдеуші кәсіпкерліктерді кеңінен қолданып, күріш егуде Краснодар өңірінің тәжірибесімен алмасу қажет.
Сонымен қатар, облыс әкімі қатысқан Президент Жолдауын талқылау шарасында өңірдің кәсіпкерлері де қалыс қалмады. Атап айтар болсақ, ҚР Еңбек Ері Абзал Ералиев, күріш егу ҰИИ ғалымы Сәуле Байбосынова, жас ұстаз Аягөз Далиева мен ардагер Әсет Сүмбетов өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында партия мүшелері жергілікті атқарушы органдарға Жолдаудағы тапсырмаларды орындауына ат салысу қажеттілігін айтысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай