- Басты
- Жаңалықтар
- Webometrics рейтингісі бойынша Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-ның үздігі атанды
Webometrics рейтингісі бойынша Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-ның үздігі атанды
ЕҰУ-де хабарлағандай, Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жа¬рияланымдар, әр ЖОО ғалым¬да¬рының зерттеу еңбектері, олар¬ға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Нәтижесінде ЕҰУ отандық 116 ЖОО арасынан Қазақстан бойынша Webometrics рейтингісіне сәйкес бірінші орынға және бүкіл әлем бойынша 22 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары арасынан 2 213-ші орынға тұрақтады. Республикамыз бойынша екінші орында - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (әлемдік рейтинг бойынша 3 760 орын), Қазақстан бойынша үшінші орында - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (әлемдік рейтингіде 4 017 орын).
Webometrics рейтингісінде сайттарды бағалаудың екінші маңызды критерийі - ғаламтор желісінде ұсынылған ғылыми мақалалар, ЖОО ғалымдарының зерттеулері мен олардың дәйексөз кқрсеткішінің болуы.
Бүгінде «еуразиялықтардың» электрондық ғылыми мақалаларға ашық қолжетіміділік мүмкіндігімен қамтамасыз ететін Еуразия ұлттық университетінің репозиторий қорында 10 000-нан астам материалдар бар. Бұл ретте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақстандық ЖОО арасында алғаш болып шетелдегідей мақалаларға еркін қолжетімділік мүмкіндігін тәжірибеде қолданып келеді.
Айта кетейік, бұл оқу ордасының 2014 жылы иеленген бірінші әлемдік рейтингісі. «QS Top 50 Under 50» рейтингі бойынша 32-ші орынды иемденген еді, ол көрсеткішке әлемнің ең көне оқу орындары енген болатын.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді