• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теңге бағамының өзгеруі ел кәсіпорындарының экономикасына оң әсерін тигізеді- Т.–Мұқанов

Теңге бағамының өзгеруі ел кәсіпорындарының экономикасына оң әсерін тигізеді- Т.–Мұқанов

12 Ақпан, 2014 16:28
Теңге бағамының өзгеруі кәсіпорындарың экономикасы мен Қазақстан экономикасының дамуына әсерін тигізеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында тау-кен өндіру және тау-металлургиялық қауымдастықтың атқарушы директорының орынбасары Төлеген Мұқанов мәлімдеді.

«ҚР-дағы қауымдастық құрамында 300-ге жуық ірі компаниялар жұмыс істейді, оның 90 пайызы экспортқа бағытталған. Елдің экспорт үлесі 13 пайыз ЖІӨ-ге тең. Біздің кәсіпорындардың жұмыс істеуіне байланысты экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығының тағдыры шешіледі. Бүгін кәсіпорын нөлдік көрсеткіш деңгейінде жұмыс істеуде. Енді түзетулерге байланысты кәсіпкерліктерде әлеуметтік шаралар мен кәсіпкерлікті жаңғыртуға қолданылатын еркін қаражат мүмкіндігі пайда болады. Ұзақмерзімді жоспарда бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Т.Мұқанов.

Оның айтуынша, мысалға, алғашқы алюминий құны 1650 млрд долларды құрайды, бұл көрсеткіш 2013 жылы 2012 жылғымен салыстырғанда 20% азайды.

«Бұл құн өзіндік құнының деңгейінде. Әсіресе қара металлургия кәсіпкерліктері қиын жағдайға түсіп отыр. Жалпы, теңге курсының түзетілуі кәсіпкерліктер экономикасына оң әсер етіп, Қазақстан экономикасының қарқынды өсіміне жол ашпақ», - деп түйіндеді.

 

 

Барлық жаңалықтар