• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жол бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша ШОБ ұзақ мерзімді қаржымен қамтамасыз етілді - Қ.Келімбетов

Жол бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша ШОБ ұзақ мерзімді қаржымен қамтамасыз етілді - Қ.Келімбетов

12 Ақпан, 2014 14:41
Жол бағдарламасының бірінші кезеңінде шағын және орта бизнес ұзақ мерзімді қаржымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Біз доллорланған экономика мәселесі бар екенін әрқашан айтып келеміз.  Ресейде экономиканың  20%-25% доллорланған болса,  Қазақстанда бұл көрсеткіш 40% құрайды. Егер, 2012 жылы тұрғындардың шетелдік валютадағы депозиттері  38% құраса, бүгінгі таңда ол 45%-ға жетті. Біз ұлттық валютаға қолдау көрсетуіміз керек», - деді Ұлттық банк басшысы.

«Бүгінде біз Жол бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша ШОБ ұзақ мерзімді қаржымен қамтамасыз етілді деп есептейміз.  Басқаша қаржыландыруды бастау мүмкін болмады. Себебі, сол Еуропаның өзінде банктер мемлекеттен өтімділікті ала отырып оны қажетті қаржы құралына айналдыра отырып шағын және орта бизнеске толығымен көмек көрсетілмейді», - деп Қ.Келімбетов атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «ел экономикасы үшін айырбас курсының үлкен маңызға ие екенін ескерсек, соңғы жылдары Ұлттық банктің валюталық саясаты теңгенің деңгейін АҚШ долларына шаққанда 145-155 аралығында ұстап тұруға бағытталды».

Бұл өз кезегінде экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етті. 2013 жылы Қазақстанның ЖІӨ шамамен  6% өсіп, ал инфляция деңгейі тарихтағы ең аз көрсеткіш 4,8% құрады.

Ұлттық банктің хабарламасында айтылғандай, айырбастау курсын түзетудің нәтижесінде ҚР экономикасының экспорттық және импорттық салаларында жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін бәсекелестік шарт жақсартылмақ. 

Барлық жаңалықтар