• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың қаңтарында 2,2 млрд АҚШ долларын сатты – Қ. Келімбетов

ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың қаңтарында 2,2 млрд АҚШ долларын сатты – Қ. Келімбетов

12 Ақпан, 2014 14:04
ҚР Ұлттық банкі ағымдағы жылдың қаңтар айында 2,2 млрд долларды сатты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Кешегі енгізілген түзету 155 теңгеден 185-ке өту дәлізінің 20 пайызын құрайды. Осы уақытқа дейін үлкен девальвациялық болжамдар болды. Ол біздің долларға деген үлкен қызығушылығымызды арттырды. Өткен жылдың маусым-шілде айларында дүмпу кезінде біз 2,7 млрд долларды өткізген болатынбыз. Ағымдағы жылдың қаңтарында 2,2 млрд доллар сатылды», - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, бағамды ҚР Ұлттық банкінің мамандары анықтайды, ол девальвацияның жетістігін белгіледі, сондай-ақ, бағамды айырбастаудың бәсекелестігі де қаралады.

2014 жылдың ақпан айында Ұлттық банк 2 млрд долларды өткізу керек, олардың барлығы 6,4 млрд долларды құрайды.

«Ұлттық валютаның өзгеруі бұл экономиканың  импульсі  мен жандануы. Көптеген экспорттың дамуы, импорттық тауарлар өндірісінің дамуы. Өнеркәсіп даму үшін мемлекеттік органдардың қолдауымен валюталық саясат болып есептеледі. Дәл осы себептен көптеген мемлекеттер сәйкесінше шешім қабылдайды», - деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы ағымдағы жылы біз өзге елдерде де осындай өзгерістер болатынына куәгер болатындығымызды айтты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар