• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тауар өндірушілерді қолдаудың ең тиімді құралы айырбастау бағамын түзету болып табылады – Қ.Келімбетов

Тауар өндірушілерді қолдаудың ең тиімді құралы айырбастау бағамын түзету болып табылады – Қ.Келімбетов

12 Ақпан, 2014 13:53
Тауар өндірушілерді қолдаудың ең тиімді құралы айырбастау бағамын түзету құралы болып табылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Өзінің экономикасын қолдау үшін әр мемлекет өзінше құралдарды пайдаланады. Тауар өндірушілерді қолдаудың ең тиімді құралы айырбастау курсын түзету құралы болып табылады.2009 жылғы бір реттік валюта реттеу шарасы Қазақстан секілді мемлекетке пайдалы болатынын дәлелдеді. Түзетулер өз кезегінде халықтың Ұлттық банктің еркін-бағытталған валютасына деген кері реакциясын көрсетеді», - дейді бас банкир.

Жалпы, оның айтуынша, курс ҚР Ұлттық банктің мамандары тарапынан белгіленеді. Олар девальвацияны алдын ала өлшеп, айырбас курсының бәсекеге қабілеттілігін зерттейді.

«Сонымен, кеше жүргізілген түзету шамамен 20% құрап, 155 теңгеден біз доллар көлемін 185-ке шығардық. Осы аралықта біздің долларға деген қызығушылығымызды арттырған үлкен девальвациялық өзгерістер күтілді. Өткен жылдың маусым-шілде айларында біз 2,7 млрд доллар саттық. Биылғы жылдың қаңтар айында 2,2 доллар саттық», - дейді Қ.Келімбетов.

2014 жылдың ақпан айында Ұлттық банк тағы 2 млрд доллар сату керек.

Барлық жаңалықтар