- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары ҚР «Электрэнергетика туралы» Заңға өзгертулер енгізуді қарастырады
Мәжіліс депутаттары ҚР «Электрэнергетика туралы» Заңға өзгертулер енгізуді қарастырады
Министрліктен хабарлағандай, ҚР «Электрэнергетика туралы» Заңнамасы жаңа нормативті - құқықтық актілерді енгізуді ұсынады. Мәселен, энергия өндіретін және энергия тасымалдайтын ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындалу мен оны өткізу тәртібі, 1000 және 1000 вольттан жоғары электржелілерін қорғау нысандарын орнату тәртібі, жылу желісі мен олармен шекаралас орналасқан жерді пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу, ұйымдар мен сарапшыларды энергетикалық зерттеу жүргізу үшін тіркеу, жеке зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру қағидасын, электр энергиясының импорты мен экспортын регламенттеу және тағы басқа бірқатар өзгертулерді заңжобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін енгізу ұсынылған.
Парламентте жаңа энергетикалық ұйымдарды басқару туралы қағидасы үлкен дау туғызып, бұл мәселе төңірегінде ҚР ИЖТМ энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Алиакпаров былай түсініктеме берді: « Бұл құқықтық механизм тұнынушыларды үзіліссіз электр энергиямен қамтамасыз етуде жекеменшік иесі мен кәсіпорынды басқару органының жауапсыз жұмысымен байланысты дағдарыстық жағдайдың шешімі. Оны заңда берілген негіздемемен алты ай мерзім сот тәртібі бойынша жүргізу ұсынылған».
Оның айтуынша, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексіне мынадай қосымшалар енгізу жоспарланған. Әкімшілік құқықбұзушылық ретінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортының талаптары мен жанармай қорын пайдалану қағидасын бұзуды, техникалық қызмет көрсету және нысанды, құрал-жабдықты, электрстанция ғимаратын, жылу мен электр желілерін жөндеу бойынша бекітілген тәртіпті бұзуды, сонымен қатар, энергетикалық құралдарды жөндеу және шығару бойынша тәртіпті бұзуды, энергетикалық сараптаманы өткізу бойынша талаптарды бұзуды қарастыру көзделген.
Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұл салуды энергетикалық қадағалау және бақылау мемлекеттік органдарына жүктеу ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш заңжобасы Елбасының энергетика саласын қадағалау және реттеу бойынша нақты және тиімді жүйе жасау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасалған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы