- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мұнай және газ министрлігі мұнай өнімдерінің көтерме нарықтағы бағаларын реттеу мәселелерін қарастыруға ниетті
ҚР Мұнай және газ министрлігі мұнай өнімдерінің көтерме нарықтағы бағаларын реттеу мәселелерін қарастыруға ниетті
«Ағымдағы жылдың 7 наурызында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың Қазақстандық отын қауымдастығы мұнай өнімдерінің көтерме бағаларын реттеу бойынша ұсыныстарға қатысты тапсырмасы келіп түсті. Аталған мәселе бойынша ағымдағы жылдың 18 наурызында Мұнай және газ министрі Мыңбаевтың басшылығымен мүдделі мемлекеттік органдардың және нарық қатысушыларының, яғни тараптар делегаттарының қатысуымен кеңейтілген отырысын өткізу жоспарлануда», - деді Қ.Құлмырзин.
МГМ-нің өкілі түсіндіргендей, Қазақстандық отын қауымдастығы шектік бөлшек құннан шектік көтерме бағаға дейінгі айырмашылықты қазіргі 17%-дан 30 %-ға дейін арттыруды ұсынды.
«Сонымен қатар, ресурс иелері немесе мұнай өңдеушілері неге 30%, неге 10% немесе неге 15%? 30%-ды қайдан алдыңдар деп айтады. Бұл жерде екі тарапты да тыңдап шығып, дұрыс шешім қабылдауға тырысамыз», - деп атап өтті Қ.Құлмырзин.
Оның айтуынша, алдында шектік көтерме және бөлшек баға арасындағы айырмашылық деңгейі үш есеге арттыру қарастырылған. Ал, қазір ведомство өкілі атап кеткендей, мұнай өнімдерінің бөлшек нарығына қаттысушылардың «құнды көтеруге қосымша талаптар мен дәлелдер» пайда болды.
«Біз отын қауымдастығының дәлелдерін тыңдағымыз келеді. Өйткені, олардың мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшыларынын атына келтірілген дәлелдері жеткіліксіз деп есептейміз, оны тереңірек қарастыру керек…», - деді министрлік департаментінің директоры.
«Бір шешімге келген жағдайда бұл мәселені Премьер-Министрдің төрағалығымен мұнай-газ саласының ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберуге дайынбыз», - деп қортындылады Қ.Құлмырзин.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар