- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында тауар бағаларының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша жұмыс тобы құрылды
Павлодар облысында тауар бағаларының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша жұмыс тобы құрылды
«Облыс әкімдігінде аймақ басшысының қатысуымен теңге құнының төмендеуі және шетел валютасының өсуіне байланысты мәжіліс болып өтті. Мәжіліске қалалар мен аудандар әкімдері (селекторлық режімде), жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыстың басқарма басшылары қатысты», - деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қырымбек Көшербаев облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков басшылық жасайтын топты құруды тапсырды.
Аталмыш топ Ұлттық банк филиалымен бірлесіп валюта нарығында алып сатарлыққа жол бермеуге қатаң түрде мониторинг жүргізеді.
Екінші жұмыс тобы, бұл жұмыс тобы азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сататын барлық сатушылармен және бөлшек сауда кәсіпорындарымен меморандумдарға отырып, меморандумның орындауды қатаң бақылауда ұстайтын болады. Сонымен қатар осы топ Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге, азық-түлік тауарлары бағасына талдау жасап отыратын болады. Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыс тобына Н.К. Әшімбетов басшылық жасайды.
Үшінші жұмыс тобын Д.Н. Тұрғанов басқарады. Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов Мұнай газ министрлігімен бірлесіп, трейдерлерден қолда бар бензин мен жанар-жағар май материалдарының көлемін анықтауға және белгіленген бағаның өсуіне жол бермеуге әрекет етеді.
Осындай үш жұмыс тобы Павлодар қаласында да және облыстың қалалары мен аудандарында құрылды.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары