- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының әкімі аймақтағы бағаны қалыпты ұстауды тапсырды
Алматы облысының әкімі аймақтағы бағаны қалыпты ұстауды тапсырды
«Бірінші кезекте, ірі тауар өндірушілер және көтерме сауда орындары өкілдерімен кеңес өткізу қажет. Сондай-ақ, ет, сүт, ұн өнімдерін өндіретін өндірушілер және ұн таратушылар мен наубайханашыларға бұрынғы бағаны сақтау қажеттігін ескерту. Бірінші сорттағы нан да бұрынғы бағада қалуы тиіс. Қажетті жағдайда облыстық тұрақтандыру қорының қаражатын пайдалану керек», - деді облыс әкімі.
Біріншіден, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың төрағалығымен облыс көлемінде бағаны тұрақты ұстау жөніндегі штаб жұмысын барынша жандандыру керек.
«Қала, әкімдеріне өңірлердегі жағдайлар жайында күнделікті ақпарат беріп отыруды тапсырамын» - деді Аңсар Мұсаханов.
«Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен барлық тұрғын үй - коммуналды шаруашылық қызметтеріне тарифті тұрақты ұстау, әсіресе электр желісі мен суға бағаны көтермеу үшін барлық шараны қабылдау қажет», - деді ол.
Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы басқармасы, кәсіпорын иелері, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері және сауда үйлерінің меншік иелерімен бірлесіп, баға саясатын түсіндіру жөнінде жиындар өткізу керек екендігін айтты.
«Облыс аумағында негізгі азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуге, жүктелген барлық тапсырмаларды тыңғылықты атқаруға күш жұмсау қажет», - деді Аңсар Мұсаханов.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция