• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылғы Жолдау елдің барлық саласын тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бағыттайды - М. Нұркеев

2014 жылғы Жолдау елдің барлық саласын тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бағыттайды - М. Нұркеев

12 Ақпан, 2014 10:15
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы елдің барлық саласын тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бағыттайтын құжат деп «Атқөбе ЖЭО» АҚ басқарушы директоры есептейді.

«ҚР Президентінің кезекті Жолауының ауқымдылығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұзақмерзімді құжатының  жүзеге асуының бағыттарын анықтайды. Сондай-ақ, барлық сала бойынша басты бағыттарды анықтады, - деді М. Нұркеев.

Оның айтуынша, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену – Қазақстанның 22 жыл тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін саралағанда бағындыратын белес.

«Жалпы, 2014 жылғы Жолдау елдің барлық саласы бойынша тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағыттайтын ресми құжат. Оны жүзеге асыру үшін әрбір қазақстандық белсенді атсалысу керек. Біз барлығымыз 2050 Стратегиясын ұғынып, ол бағдарламаның әрбір қазақстандық үшін жасалғанын естен шығармауымыз керек», - деді М. Нұркеев. 

Барлық жаңалықтар