С.Ахметов отандық өндірушілерді қолдауға шақырды

11 Ақпан, 2014 18:34
ҚР Үкіметінің селекторлық отырысныда Премьер-Министр Серік Ахметов нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге мән беру керектігін айтты.

«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі мен Өңірлік даму министрлігіне постдевальвациялық жағдайды тұрақтандыру бойынша дереу арада ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бұл біздің бүгін айтқан сіздердің ұсыныстарыңыз. Нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдауға шақырамын», - деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ұлттық банк ҚР-дағы валюта бағамының  өзгергенін   хабарлаған еді. Яғни, 1 АҚШ доллары 185 теңгеден, 3 теңге ауытқу жағдайына болмақ.

 

 

Барлық жаңалықтар