• Басты
  • Жаңалықтар
  • Премьер-Министр айырбас бекетіне мониторинг жүргізу бойынша әр аймақта жұмыс тобын құруды тапсырды

Премьер-Министр айырбас бекетіне мониторинг жүргізу бойынша әр аймақта жұмыс тобын құруды тапсырды

11 Ақпан, 2014 18:21
Үкіметтегі селекторлық жиын барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов әкімдерге айырбас бекетіне мониторинг жүргізу бойынша жедел жұмыс тобын құруды тапсырды.

«Облыстарда жедел жұмыс тобын құру. Бір екі күн содан кейін барлығы тұрақталады. Бірақ, Ұлттық банктің шешімі жүзеге асуы үшін айырбас бекетінде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделетін жұмыс тобын құру қажет. Олардың басты мақсаты дүрлікпе тудырмау. Ұлттық банктің шешімі бар, валюта бар, айырбас бекеттері тұрақты жұмыс істеуде. Біздің мақсат – барлығын жүзеге асыру, сондықтан да мен әкімдерге Ұлттық банк жетекшілерімен бірігіп бұл жағдайды қадағалауды сұраймын», - деді Серік Ахметов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкі АҚШ долларының бағамының өзгергенін айтты, ол 185 теңге сату/сатып алу 3 теңгені құрады.

Барлық жаңалықтар