• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Шонбаева: Жолдаудың стратегиялық міндеті – мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру

А.Шонбаева: Жолдаудың стратегиялық міндеті – мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру

11 Ақпан, 2014 18:13
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік институт жұмысын жетілдіру болып табылады, дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға ғылыми қызметкері Айнұр Шонбаева.

«Қазіргі таңда мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет ұйымдарын реформалаудың басты бағыты жалдау жүйесін жақсарту, кадрларды дайындау мен дамыту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мен оларды қолдау, меритократия мен бәсекелестік ұстанымдарын күшейту, мемлекет пен қоғамға есеп беру мен халыққа қызмет ету», - дейді А.Шонбаева.

Оның айтуынша, аталмыш өзгерістерді халықаралық сарапшылар да оң бағалап отыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Ричарда Хоуглендтің айтуынша, «жаңа елде жетістікке жетудің кілті жаңаша ойлайтын көшбасшылардың қалыптасуы».

«Осыған орай Президенттің Жолдауы жаңа экономикалық жағдайға ыңғайланған кадрлық әлеуетті қалыптастыру, қазақстандық демократия мен мемлекеттілікті дамыту саласында жаңа нәтижелерге қол жеткізу», - дейді А.Шонбаева. 

Барлық жаңалықтар