Дүрлікпе мен бағалардың себепсіз өсуін жібермеу керек – С. Ахметов

11 Ақпан, 2014 17:46
Үкімет пен Ұлттық банк біріге отырып ажиотаж бен бағалардың себепсіз өсуіне жол бермеуі керек. Бұл туралы селекторлық отырыста ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов хабарлады.

«Бүгін Ұлттық банк ұлттық валютаның жаңа бағамы  өзгергенін айтты. Бұл орайда Үкімет пен Ұлттық банкке ажиотаж бен бағалардың себепсіз өспеуін қадағалайтын жедел шаралар ұйымдастыру керек. Әсіресе, бірінші қажеттіліктегі тауарлардың өспеуін қамтамсыз ету қажет», - деді С. Ахметов.

 Бұл орайда Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

« Үкіметтің экономикалық блогы мен Ұлттық банкке аталмыш оқиғаны бағалап, экономика көлемі мен макроэкономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу керек», - деді Үкімет басшысы. 

Барлық жаңалықтар