• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрлан Нығматулин Кентаудағы трансформатор зауытының еңбек ұжымымен кездесті

Нұрлан Нығматулин Кентаудағы трансформатор зауытының еңбек ұжымымен кездесті

11 Ақпан, 2014 17:33
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іс сапары шеңберінде Кентаудағы трансформатор зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

«Нұрлан Нығматулин жұмысшыларға Президент Жолдауының негізгі ережелері жайында айтып, барлық қазақстандықтардың басты міндеті - Мемлекет Басшысының тарихи тапсырмаларын кең көлемде насихаттауға белсене атсалысу», - деп ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлады.

Кентаулықтар Мемлекет Басшысының стратегиялық курсының басым бағыттарында инновациялық индустриализация мәселесіне  айырықша назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы зауыттың үддемелі өндірісті жоғары технологияны пайдалануға бағытталғанын атап, сонымен қатар аймақтың индустриалдық мүмкіндігін бағалады. Өткен, 2013 жылы өндірістік өнім 552 миллиард теңге болды, ол 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары.

Жұмысшылардың қойған сұрақтарына жауап берген Мәжіліс Спикері еліміздегі индустриалдық бағдарлама жүзеге асып, тек биылдың өзінде 130 өндіріс орны ашылғалы жатқанын мәлім етті.

 

Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары Қазақстан Президентінің басымдық көрсеткен инновациялық технология бағытында жедел дамыту өз өндірістерінде, жалпы күллі аймақтарында оң көрініс беретініне сенім білдірді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар