- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдаудың әр жолында күнделікті ерен еңбек тұр - Қ.Омарбеков
Жолдаудың әр жолында күнделікті ерен еңбек тұр - Қ.Омарбеков
«Елбасының жыл сайынғы Жолдауы мен өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға ел алдында және жеке өзімнің алдыма міндеттер қою деп білемін. Себебі, құжаттың әр бөлімінде менің және менің ұжымымның ұжымдық еңбегінің нәтижесі көрінеді. Осы жылдың қаңтар айында таныстырылған Жолдау - стратегиялық бағдарламалық құжат. Ал, менің индустриалды-инновациалық мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысушы өндірістік кәсіпорынды таныстыратынымды есепке алатын болсақ, Жолдауда Елбасы мемлекетімізді дамыту барысында инновациялық индустриаландыру трендін күшейту керек екендігін айтып өтті», - деді Қ.Омарбеков.
Оның айтуынша, Екібастұз МАЭС-1 бекітілген инвестициялық жоспар аясында дамып келеді. Бүгінде қуаттылығы 500 кВт құрайтын 8 энергоблоктың 6 жұмыс істейді. Жұмыс істеп жатқан барлық энергоблоктарда электрсүзгіштер орнатылған. Ол атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендетеді, себебі, тазалау тиімділігі 99,6 % құрайды.
«Нұрсұлтан Назарбаев екінші бесжылдықта және одан кейінгі бесжылдықтарда дамытылатын салаларды атап өтті. Инновациялық рельстерге еліміздің барлық салаларымыз отырғызылады. Мобильді және мультимедиялық, нано-ғарыш технологиясын, құлтемір техникасы мен гендік инженерия салаларын дамыту бойынша жоспарлар үлкен әсер қалдырады. Біз жаңа мұнай өңдеу зауыты мен атам электр станциясының құрылысын жүргізу қажеттілігіне сенімдіміз», - деп Қ.Омарбеков атап өтті.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Н.Ә.Назарбаев энергетиканың дәстүрлі түрінің даму болашағын айқындады. Ол атмосфераға тасталған қалдықтарды тазарту бойынша шараларды іздестіру, өндірістегі жаңа технологиялар негізінде электр қуатын күнделікті үнемдеу болып табылады.
«Әрине, алда атқарылар шаралардың көп екенін түсінеміз. Жыл сайынғы Жолдау біздің мойнымызға ауыр жүк жүктейді. Алайда біздің елімізді әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына жетелеу жолында қолдан келгеннен аянып қалмасымыз анық. Бірінші Екібастұз МАЭС, ЭНЕРГЕТИКА кәсіпкерліктерінің қызметкерлері үшін бұл ауқымды шара. Бұл дегеніңіз өз кәсібіне шынайы махаббат. Мұнда шын патриоттар жұмыс істейді, олар өз Отандарын жан-тәнімен сүйеді. Бұл күш бізді биіктерге жетелейді», - дейді Қ.Омарбеков.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі