- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде халықаралық туристік форум ашылды
Өскеменде халықаралық туристік форум ашылды
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Монғолия, Словакиядан туристік және қонақ үй компанияларының өкілдері қатысты. Шығыс Қазақстанға арнайы осы шара үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, әкімдік пен өңірлердегі туризм басқармасы өкілдері, сонымен қатар Қазақстанның туристік қауымдастық өкілдері қатысуда.
Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев сөз алды. Облыс әкімінің айтуынша, биыл өңірде Шығыс Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін паш ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Атап айтар болсақ, биылғы жылдың мамыр айында «ЭКСАО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру аясында Өскеменде «Шағын ЭКСПО-2017» форумын өткізу жоспарланған.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясына Шығыс-Қазақстан өңірінде ішкі туризмді дамыту бойынша сессия ұйымдастырылды. 2014 жылы Қатон-Қарағайдағы «Екі ДОС» ЖШС емдік-сауықтыру базасы құрылысын аяқтау көзделген. Сонымен қатар, «Алтай Альпісі» тау шаңғысы базасын жаңғырту жұмыстары, Өскемендегі сол жағалаудағы облыстық табиғи ландшафт мұражай-қорығы кешені мен архитектуралық-этнографиялық алаңды кеңейту жоспарланған.
Көрме барысында бірқатар халықаралық меморандумдарға қол қойылды. Атап айтар болсақ «Ертіс» ӘКК» Ұлттық компаниясының Садыркөл өзенінің жағалауындағы туристік база құрылысы бойынша қазақстандық инвесторлармен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мен Монғолия арасында туристік бағытты дамыту бойынша Шығыс Қазақстан облыстық туристік ақпарат орталығы мен Монғолия тарапы арасында әріптестік туралы мемоурандум да түзілді.
Туризм басқармасы мен ШҚО сыртқы байланыс және Еуропалық комиссия ауылдық жерлердегі табиғи, мәдени-тарихи және өзге де ресурстарды қолдануға бағытталған туристік индустрияның басты секторларының бірі болып табылатын ауыл туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды. Бұған деген қызығушылық бірқатар шығындарды қажет етеді. Ауыл туризмінің әлеуметтік маңызы ауылдық жерлердегі халықтың жұмыспен қамтуына оң әсер етпек.
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, 2014 жыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Аталмыш көрмегі өткізу өңір мемлекеттері аасында туристік саланы дамытуға мүмкіндік бермек.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды