- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда халықаралық деңгейдегі сарапшылар инвестиция сұрақтарын талқылады
Алматыда халықаралық деңгейдегі сарапшылар инвестиция сұрақтарын талқылады
Шараға әлемнің үздік индустриялдық және инжинирингтік компаниялары өкілдері қатысты. Сондай-ақ, университеттер, ғылыми орталықтар, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания,Жапония және Еуропаның бірқатар елдерінің орталықтары қатысты, дейді ұйымдастырушылар.
«Бүгін инновациялар туралы біраз айтылды. Қазатомпром елдегі жаңа жобаларды қолдауға арналған алаң құратын аз компаниялардың біріне жатады. Инновациялық мектептің басты талабы оқыту мен тәжірибе алмасудың, Қазатомпром кәсіпорындарының арасындағы ғана емес, шетелдік компаниялардың да мекемелерін дамытатын алаң құру», - деді «Қазатомпром» АҚ ұжымының атынан басқарма директоры Юрий Перменов хабарлады.
«Ұлттық атом компаниясындағы жаңа технологиялардың дамуы туралы айта кетіп «Жоғары технологиялар институты» ЖШС директоры, академик Серік Қожахметов «инновация мен ғылым бәскелестіктің негізгі факторы» екенін мәлімдеді, сонымен қатар, оның айтуынша, бұл екі фактор ел позициясын нығайтып, компанияның әлемдік дәрежедегі беделін көтеретін табыс кепілі. Қазіргі таңда атом энергетикасын, химия технологиясы үлесін азайтып, тәжірибелік өндіріспен қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы идеяларды жүзеге асыруға баса назар аударылуда.
«Қазатомпром» АҚ-ның «Жаңа заманның уран кен орнының СМАРТ-кен орнын құру» ірі инновациялық жобасы бүгінгі күнде көпшілік назарында. «Жоғары технологиялар институты» ЖШС басшысы Серік Қожахметовтың айутынша, жобаның іске асырылуы қолданыстағы және күрделі шығынды түсіру арқылы өнімнің өзіндік құнын түсіруге, өнімділік қорытындыларын қайта даярлау тиімділігін арттыру мен энергетикалық және ресурстық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Инновациялық мектеп екі күн бойы жүргізілді. Халықаралық сыныптық сарапшылар геологиядағы жаңа өлшеу аппараттарды талқылап, радиациялық қауіпсіздік жайлы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, шағын және ірі көлемдегі жаңарытылмалы қуат көздері, энергетика мен ресурс үнемдеуші технологиялардың болашағы, уран өнеркәсібінің әдістемелік, метрологиялық және сертификациялық қамтамасыз етілуі мен сирек металлдардың өндірісі мен өңдеу мәселелері де назардан тыс қалмады. Шағын қуаттылыққа ие атом энергетика станцияларының жұмысы мен су тазарту саласындағы жаңа технологиялар туралы баяндамалар да оқылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты