• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теңге бағамының өзгеруі бюджеттің қаржылай тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне әсер етпейді - Б.Сұлтанов

Теңге бағамының өзгеруі бюджеттің қаржылай тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне әсер етпейді - Б.Сұлтанов

11 Ақпан, 2014 16:15
Теңге бағамының өзгеруі бюджеттің қаржылай тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне кері әсер етпейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Ұлттық валюта бағамының өзгеруі бүгінде қысқа жедел нәтижесі бойынша  импорт позициясының көтерілуіне байланысты  бағаның өсуіне әсер етеді.  Айта кетерлік жайт, бұл өз кезегінде отандық тауар өндірушілерге шетелден келген тауарлардың орнын алмастыруға мүмкіндік береді. Импорттың қымбаттауына байланысты, отандық өнім өндірушілердің ішкі және экспорттқа бағдарланған сауда нарығын  қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар», - деді  Б.Сұлтанов.

Ведамство басшысы айтқандай, Ұлттық банктің басты міндеті -  инфляцияны шектеу, бұдан басқа Үкімет пен жергілікті билік органдарымен бірлесе шара қабылдау.

«Импорттық тауарға шектеу қоюға байланысты біз ұлтық валютаның бағаға әсері бүгін бекітілген алдағы үшжылдық бюджетте көрсетілген дәлізде, яғни  6-8% аралығында болады деп ойлаймыз. Табиғи монополистермен тарифтің өсуі бойынша өзара іс-әрекет аясында біз қос тараптың мүдделерінің тең дәрежеде сақталуын қадағалаймыз, яғни тиімділікті арттыру мақсатында инвестиция салуды қажет ететін және біздің желіліріміздің қор сыйымдылығын төмендету. Екінші жағынан инфляцияға салым барынша ықшамдалады», - деп ол атап өтті.

Жалпы, оның айтуынша теңге бағамының өзгеруі бюджеттің қаржылай тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне кері әсер етпейді, қаржыландыру және бюджетті жоспарлау ағымдағы тәртіп бойынша жүргізіле береді. 

Барлық жаңалықтар