• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық валюта бағамының өзгеруі экспорттаушылардың қосымша теңгедегі табысына оң әсерін тигізеді - Б.Сұлтанов

Ұлттық валюта бағамының өзгеруі экспорттаушылардың қосымша теңгедегі табысына оң әсерін тигізеді - Б.Сұлтанов

11 Ақпан, 2014 15:46
Ұлттық валюта бағамының өзгеруі экспорттаушылардың қосымша теңгедегі табысына оң әсерін тигізеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Барлықтарыңызға белгілі болғандай, бүгін Ұлттық банк ұлттық валютаның  бағамын 20% өзгертті.  Бүгін теңгенің жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде белгіленіп,  сату - сатып алу бойынша плюс-минус  3% дәліз енгізілді. Бұл шара әлем экономикасы мен көрші елдердегі ахуал әсерінің нәтижесі», - деді  Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бұл отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігіне, бағалардың әрекеттесуіне, сұраныс пен Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық аймақтағы интеграцияның бүгінгі жағдайын есепке алғанда  ұсынысқа да әсер етеді.

«Үкімет бұл жағдайды жіті бақылауда. Біз осы шараның негізгі макро және әлеуемттік-экономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда ЖІӨ, бюджет көрсеткіші мен әлеуметтік жағдайға әсер етуін бағаладық. Біздің есебімізше,  теңге бағамының өзгеруі алдымен ЖІӨ атаулы көрсеткішінің өсуіне әсер етеді. Бұл отандық экспорттаушылардың қосымша теңгедегі табысы болуына байланысты. Яғни, тауар теңгерімінің артуына және бюджет түсіміне тікелей әсер етеді», - деп ведомство басшысы өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар ол, валютадағы төлемдер бойынша шығын көлемі артатынын баса айтты.

«Мысалы, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету, дипломатиялық желілердің мазмұнына және халықаралық қаржы ұйымдарының байланысына әсер етуі мүмкін. Алайда, бюджетке түскен табыстар валюталық төлемдер бойынша барлық шығынның орнын толтырады», - деді Б. Сұлтанов.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар