- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері елдегі басты стратегиялық құжатты жүзеге асыруға дайын
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері елдегі басты стратегиялық құжатты жүзеге асыруға дайын
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарын талқылады.
«Елбасының ұзақ мерзімді «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін бәріміз жұмыла атсалысуымыз керек. Бұл идея - Қазақстан дамуының шамшырағы. Әскери қызметшілерге Елбасы Жолдауын нақты түсіндіріп, олардың өзіндік пікірлерін тыңдадым. Жолдаудан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді бірге жүзеге асыратын боламыз»,- деді Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Қайрат Мыңжанов.
Осы аттас сабақ «Қазақстан», «Өжет» кемелерінің жеке құрамымен де өткізілді.
Айта кетейік, Қазақстандық әскери теңізшілер дамыған 30 елдің қатарына ең күшті әскерімен кіруді мақсат етіп отыр. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті жыл сайын артып, қызметшілердің баспана мәселесі шешімін тауып келеді. 2015 жылы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй мен 296 бөлмелік жатақхананы қолданысқа беру көзделіп отыр. 2017 жылға қарай Отан қорғаушылардың барлығы баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр