• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы ҚР-ға етті тұқымды 10 мыңнан астам ірі қара әкелінді – «ҚазАгроҚаржы»

2013 жылы ҚР-ға етті тұқымды 10 мыңнан астам ірі қара әкелінді – «ҚазАгроҚаржы»

11 Ақпан, 2014 15:17
Қазақстан халқына Жолдауды орындау барысында 2013 жылы Қазақстанға етті тұқымды 10 мыңнан астам ірі қара малы әкелінді, дейді «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ресми өкілі Ринат Кемешов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Еліміз жақын шетелдерге ет-сүт өнімдерін тасымалдайтын басты өңірлік экспортаушы болуы керек. Осы орайда тек 2013 жылдың өзінде елімізге етті тұқымды 10 мыңнан астам ірі қара  әкелінді. Жалпы, ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасы жұмысы бойынша Қазақстанда қазіргі таңда 30 мыңдай ірі қара  бар, соның ішінде 25 мыңы етті тұқымды ірі қара болса, 5 мыңы сүтті ірі қара», - дейді Р.Кемешов.

Сонымен қатар, аталмыш жобаны іске асыру аясында «ҚазАгроҚаржы» компаниясы тарапынан Мәскеу нарығында барлық ауыл шаруашылық өнімдер таныстырылды.

«Мәскеу қалалық билігі мен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі арасында ҚР ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің Мәскеу нарығына шығуы туралы меморандум түзілген болатын. Аталмыш кездесуде өте сәтті аяқталып, біздің тарапымыздан 90-нан астам шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін қала нарығына таныстырды. Бұл, сөзсіз, бағдарлама мен Президенттің Жолдауда айтқан еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту тапсырмасының жүзеге асқанының көрінісі», - дейді компанияның ресми өкілі.

Барлық жаңалықтар