• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктер орталығында Елбасы Жолдауын талқылады

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктер орталығында Елбасы Жолдауын талқылады

11 Ақпан, 2014 14:02
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндірген жиын болып өтті.

«ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы стратегиялық құжат ережелеріне егжей-тегжейлі түсіндірме беріп, әскери қызметшілерді қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді», - делінген хабарламада.

Өткен жылы әскери мақсаттағы өнімдердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы келісімдерге тексеріс жүргізілді.

Орталық кәсіпорындардың меншік үлгісіне тәуелсіз мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасына бақылау жүргізу үшін осыдан бір жыл бұрын құрылған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін өндірілген әскери өнімдердердің сапасын, оларға жүргізілген жөндеу жұмыстарын, техникаларды жетілдіру жұмыстарын қадағалайды.

Орталық құрамына қорғаныс тапсырыстарын орындайтын кәсіпорындарда құрылған 13 әскери өкілдік кіреді.

 

 

Барлық жаңалықтар