- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңілатлетші Маргарита Мұқашева - Универсиада жеңімпазы
Жеңілатлетші Маргарита Мұқашева - Универсиада жеңімпазы
Солтүстікқазақстандық спортшы қыз 800 метр қашықтықты 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өтіп, ұлттық рекорд орнатты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жерлесімізді жақындары мен әріптестері теміржол вокзалында қарсы алды.
Жерлесіміз Маргарита Мұқашева дүние жүзінің жүйріктерімен жарысып, ұлттық рекорд орнатты. Ол 800 метрлік қашықтықта ресейлік бәсекелесі Екатерина Купинаны (1:58.96) секунд уақытпен шаң қаптырды.
Маргарита Мукашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:
-Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бар күшімді уысыма жинап жүгіріп шықтым. Бұл - менің ғана емес, елімнің де жеңісі.
Маңдай тердің арқасында келетін жеңіс қашан да бағалы дейді спортшы қыздың бапкері Петр Литвиненко. Бұл - облыс тарихына енетін ерлік қадам.
Маргарита Мұқашева, XХVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиада чемпионы:
-Мен Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға 4-ші рет қатысып отырмын. Медаль аламын деген арманым орындалды. Шынығудан жалықпау керек. Адам тынбай-талмай еңбектенсе, міндетті түрде спортта да, өмірде де тек биіктен көрінеді. Менің оған көзім жетті.
Жерлесіміздің ендігі бағындыратын асуы - Мәскеудегі әлем чемпионаты. Ол жақында байрақты бәсекеге дайындалу үшін Алматы қаласына барады.
Петр Литвиненко, Маргарита Мұқашеваның бапкері:
-Маргарита күнде талмай еңбек етті. Сөйтіп, өзіне деген сенімі артты. Мен де оның жеңетініне сенімді болдым.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
«OTAUFEST» фестивалі: Жеңімпаз атанған жас отбасы әсерімен бөлісті -
Суицидтің алдын алу күні: Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан 3-орында -
Президенттік жастар кадрлық резерві жобасының жеңімпазы: Ғылым саласын дамытуға үлес қосқым келеді -
"100 жаңа есім" жеңімпазы: Әлемде аналогы жоқ инновациялық мата өндіремін -
«Іскер» сыйлығының жеңімпазы: Тиімді басқарусыз табысты кәсіпорын құру мүмкін емес -
Павлодарда «Зияткер-2017» ойынының жеңімпазы анықталды -
«Менің арманым» ұлттық жастар байқауының жеңімпазы 5 млн теңгеге ие болады -
Универсиада -2017-ден қалған жиһаздар Алматының әлеуметтік мекемелеріне берілді -
Е.Канағатов: 2017 жылғы Универсиаданың сәтті өтуі – жемісті жұмыс кепілі -
Елбасы: 2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды -
2019 жылғы Универсиаданың Красноярлық ұйымдастырушылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытуда – әкімдік -
Алматы мен Лэйк-Плэсид Универсиаданың бауырлас қалалары атанды