• Басты
  • 6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ

6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ

26 Қараша, 2020 17:35

Бүгін Кәсіподақтар үйінде 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР парламентінің мәслихаттары мен мәжілістері депутаттарын сайлаудағы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы бақылаушылары республикалық штабының бірінші отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті. Республикалық штабтың төрағасы - Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің айтуынша, 26 қарашадағы жағдай бойынша штаб пен оның еншілес ұйымдарынан 5 762 тәуелсіз бақылаушы тіркелгенін, олар республика бойынша 3 726 сайлау учаскесінде дауыс беру процесін бақыламақ, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 6 қарашадағы шешімімен кәсіподақтар сайлау процесіне бақылаушылар ретінде қатысады. Біз алдымызға екі миссияны қойдық - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді. Біріншіден, біз үшін жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлердің қандай да бір қысымға ұшырап, құқығын бұзылмауын қадағалау. Екіншіден, біз сайлау процесі елдің заңнамасына сәйкес өтіп жатқанын қадағалайтын боламыз», - деді ол.

Сонымен қоса жиынға қатысқан республикалық штаб мүшесі, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Әлия Әбиева мекеменің ірі еншілес ұйымдарының бірі - білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподақ мүшелері де бақылаушылардың республикалық және аймақтық штабтарының құрамына кіргенін атап өтті.

«Кәсіподақ Кәсіподақтар Федерациясының сайлау күні сайлау процестерінің ашықтығын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдайды. Біз бақылаушылар ретінде бұған ықпал етеміз. Сайлау ашық, еркін және демократиялық түрде өтуі керек», - деп атап өтті Әлия Әбиева.

Бұдан басқа, «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалының төрағасы, «Нұр-Сұлтан» партиясының аймақтық штабының мүшесі Руслан Сатыбалдиевтің айтуынша, жүзден астам кәсіподақ мүшелері елордадағы 249 сайлау учаскесінде сайлау барысын бақылайтын болады.

Айта кетейік, 27 қарашадан бастап Кәсіподақтар Федерациясы бақылаушылардың Республикалық және аймақтық штаб мүшелеріне арналған бірқатар семинар-тренингтер өткізілмек. Сондай-ақ, еске сала кетейік, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мәслихаттар мен ҚР парламенті мәжілісі депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтпек.

Барлық жаңалықтар