• Басты
  • 6,3 млн астам қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы
30 Желтоқсан, 2019 15:29

6,3 млн астам қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы

Бүгінгі таңда 6,3 млн астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ - дан (бұдан әрі-МӘСҚ) 2005-2019 жылдары 4,6 млн адам жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

6,3 млн астам қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы

Әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысаны. 2019 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 17 филиалында 68 ашық есік күндері өткізілді.

Өткен аптада аналарға және болашақ аналарға арналған мастер-класс форматындағы соңғы іс-шаралар өтті. Оған МӘСҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандары, сондай-ақ медициналық орталықтардың өкілдері, жеке өсудің коуч-тренерлері қатысты.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бірқатар ақпараттық және консультациялық қызметтерін ұсыну және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынатын электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен тарату мақсатында ашық есік күндері өткізілді.

Әйелдерге 1 жасқа дейінгі баланы күтіп-бағу үшін әлеуметтік төлемді проактивті форматта төлеу мүмкіндігі туралы айтылды, мұнда сіз төлем жасау мақсаты туралы әлеуметтік қорғау органдарының SMS-хабарламасына жауап беріп, банктік шотыңыз туралы ақпаратты жіберуіңіз керек. Ағымдағы жылдың 11 айында көрсетілген төлем сомасы 13 246 алушыға тағайындалды.

Мастер-класс барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары egov.kz порталы арқылы баланың туу туралы куәлігін және балабақшаға кезекке тұру жолдарын интерактивті түрде көрсетті. Медициналық орталықтардың жаттықтырушылары босану процесіне дайындықтың қажеттілігі және емшек сүтімен қоректену ерекшеліктері туралы айтты.

Сонымен қатар 2019 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыру мақсатында халықпен 1280 ақпараттық түсіндіру кездесулері өткізіліп, оған 46 304 азамат қатысты.   

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды