- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк: Доллардың ресми бағамы – 185 теңге сату/сатып алу 3 теңге
Ұлттық банк: Доллардың ресми бағамы – 185 теңге сату/сатып алу 3 теңге
«Қазақстан экономикасының ғаламдық экономикамен тығыз байланысты екенін ескерген жөн, Ұлттық Банк әлемдік қаржы және тауар нарықтардағы жағдайды қаперден шығара алмайды.
Біріншіден, жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС елдеріндегі жағдай. АҚШ-тағы «сапалық жұмсару» бағдарламасына сәйкес, қаржы дамушы елдерден дамыған елдерге ағылады, бұл осы елдердің валютасына қысым жасаумен жалғасты. Әлемдік экономиканың кейінгі дамуындағы белгісіздіктің әсерінен әлемдік қаржы және тауар рыноктеріндегі өзгерістер артты», - делінген хабарламада.
Екіншіден, Ресей рублінің курсына қатысты белгісіздік орын алып отыр. РФ Орталық банкінің Ресей рублін еркін айналымға жіберуінен соң 2013 жылы ол АҚШ долларына деген курсы бойынша 7,1 пайызға әлсіреді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей рублінің әлсіреуі жалғасты.
Үшіншіден, бұл ҚР төлем балансының жағдайы. Ағымдағы операциялардың жағымды болуына қарамастан, пайдаланылатын тауарлардың импорты есебінен импорт өсуде.
Төртіншіден, спекулятивті операциялардың өсуінің әсерінен Қазақстан Республикасы экономикасында девальвациялық куту процесі жоғарылады. Спекулятивті ажиотаж бен айырбас курсының өзгерістерін алдын алу үшін Ұлттық банкке валюталық рынокке жиі енуге тура келеді.
Бесіншіден, болашақта инфляцияны 3-4 пайызға төмендету үшін Ұлттық Банк инфляциялық шектеуге өтуді жоспарлап отыр, ол дегеніміз - айырбас курсының қатаң қадағалауынан бас тарту.
Теңгенің айырбас курсының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін орнына келтіру, ҚР экономикасы сыртқы сауда балансын және отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау - Ұлттық Банк валюталық саясатына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
«Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді», - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк қазіргі валюталық операциялар режиміне ешқандай тосқауыл қоймақ емес. 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату - сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді:-АҚШ долларына – 2 теңге;-Евроға – 3 теңге.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді